Ұлылар ескерткішіне тағылған бетперде тұрғындар тарапынан сынға ұшырады

8 Сәуір 2021, 15:30
1640
Бөлісу:
Ұлылар ескерткішіне тағылған бетперде тұрғындар тарапынан сынға ұшырады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында белгілі тұлғалардың ескерткішіне тағылған бетперде тұрғындар тарапынан қатты сынға ұшырады. Желіде Абай мен Тұрар Рысқұловқа медициналық бетперде тағылған бейнежазба тарады.

Ескерткіштер биікте орналасқандықтан, оған арнайы техникасыз қолжеткізу мүмкін емес. Қала тұрғындары мен блогерлер бұл туралы жарыса жазып, идея авторларын қатты сынға алды. Мұны ұлттың мақтанышын мазақ ету деген сынды баға да берілді.

Көп ұзамай бұл идеяның авторы Шымкент қаласының ішкі саясат басқармасы екені белгілі болды.

Көптеген елдерде ескерткішке медициналық бетперде тағу акциясы өтіп жатыр. Біз де соған үн қосып, қайталап көрдік. Тұрғындарға бұл ісіміз ұнамаған соң, бетперделерді шешіп тастадық, - деді Шымкент қалалық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Мөлдір Кеуенова.

Басқармадағылардың мәліметінше, аталмыш іске бір тиын да қаражат жұмсалған жоқ. Оған бірнеше метр мата мен Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығында бар техника ғана қажет болған.


Өзгелердің жаңалығы