Есқалиев БҚО-ның жетістіктерін атады

2 Желтоқсан 2021, 17:46
1128
Бөлісу:
Есқалиев БҚО-ның жетістіктерін атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. БҚО-да тәуелсіздік алғаннан бері заманауи онкодиспансер, 8 емхана, 20 аурухана және 80 медпункт салынған. 

Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев мәлімдеді.

Пандемия кезеңінде біз аурудың жоғары деңгейінде жағдайды тұрақтандыруға қол жеткіздік. Қабылданып жатқан шаралар есебінен біз «жасыл» аймақта тұрмыз, - деді БҚО әкімі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында.

Әкімнің айтуынша, пандемия кезінде облыс тұрғындарына басқа өңірлерге емделуге бару қиынға соқты, сондықтан медициналық қызметтер импортына талдау жасалған және екі жыл ішінде медициналық қызметтер мен операциялардың 20-ға жуық жаңа түрі енгізілген. 

Бұл облыс тұрғындарына жүрекке, омыртқаға, варикозды-кеңейтілген тамырлар, көру қабілетін лазерлік түзету операциялары бойынша білікті көмек алуға мүмкіндік берді, -деді ол. 

Сондай-ақ Ғали Есқалиев тәуелсіздік жылдарында облыста заманауи онкодиспансер, 8 емхана, 20 аурухана және 80 медпункт салынғанын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы