Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Интернетте есірткі қылмыстарын анықтау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті 3,2 мыңнан астам есірткі сайтын бұғаттады. Бірақ жарнама сайттары мен басқа интернет-платформалар арқылы есірткіні «агрессивті» жарнамадан «жасырын» жарнамалауға ауысу бар, - деп айтты ол.
Бақытжан Әмірханов OLX платформасы ең танымал екенін атап өтті.
Жыл басынан бері компания Ішкі істер министрлігінің бастамасымен полицейлер анықтаған 3 мыңнан астам «жалған» жарнаманы алып тастады. Бүгін OLX платформасы менеджерлерінің қатысуымен Ақпараттық комитеттің кезекті отырысын өткізу жоспарланған, - деді полицей ОКҚ-да.
Оқи отырыңыз: