Дастан Сәтпаев «Бернли» сапында дебют жасады: Оның алғашқы матчына қандай баға берілді?

24 Тамыз 2026, 15:15
АВТОР
 instagram.com/d.satpayev 24 Тамыз 2026, 15:15
24 Тамыз 2026, 15:15
258
Фото: instagram.com/d.satpayev

Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаевтың «Бернли» сапындағы дебюті Англияда бағаланды.

Sports.kz мәліметінше, лондондық «Челсиден» жалға алынған 18 жастағы футболшы Чемпионат аясындағы сырт алаңда «Вест Бромвичке» қарсы өткен матчтың аяқталуына 30 минут қалғанда алаңға шықты.

Сәтпаев алаңға шыққан сәтте «Бернли» 1:2 есебімен есе жіберіп жатқан еді. Ойын команданың 1:3 есебімен жеңілісімен аяқталды.

Дебют қалай бағаланды?

Англиялық The Chelsea Chronicle басылымы «Челси» өкілдері жас қазақстандықтың ағылшын клубындағы алғашқы матчын мұқият қадағалағанын атап өтті.

Сондай-ақ басылым Сәтпаевтың қиын жағдайға тап болғанын баса айтты: ол қолайсыз есеп кезінде алаңға шықты, ал сегіз минуттан кейін алаң қожайындары пенальти соқты.

Сонымен қатар журналистер қазақстандық футболшының ойынына оң баға берді.

«Сатпаев көп нәрсе жасай алмас еді, алайда оның шығуы әсер қалдырды», - делінген жарияланымда.

Басылым сондай-ақ қазақстандық ойыншы келесі матчта-ақ негізгі құрамнан орын алуы мүмкіндігін болжады.

Келесі матч қашан?

«Бернли» келесі ойынын Англия лига кубогының екінші раундында «Брэдфорд Ситиге» қарсы өткізеді.

Сәтпаев үшін бұл матч ағылшын клубының сапында алғаш рет негізгі құрамда шығуға мүмкіндік болуы мүмкін. 

Еске салайық, алматылық «Қайраттың» түлегі «Челсиге» ауысқаны бұрын хабарланған болатын. 2026 жылдың жазында Сәтпаев ағылшын клубына қосылып, негізгі командамен жаттыға бастады.

Сәтпаев – Қазақстан құрамасының ресми матчтары тарихындағы ең жас гол авторы. Сондай-ақ ол Чемпиондар лигасында гол соққан ең жас футболшылардың қатарына кіреді.

Бұған дейін біз Дастан Сәтпаевтың Англия чемпионатында «Бернли» сапында дебют жасағаны туралы жазған едік. 

Сондай-ақ, сарапшы «Бернлидегі» маусымнан кейін Дастан Сәтпаевты не күтетінін айтты

Наверх