Есірткі саудасы бойынша жыл басынан бері 2500-ге жуық қылмыс анықталған

11 Қараша 2022, 12:24
892
Бөлісу:
Есірткі саудасы бойынша жыл басынан бері 2500-ге жуық қылмыс анықталған

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында мәлім болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Есірткі мен нашақорлық бүгінгі таңда баса назар аудару қажет маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Еліміздегі есірткі ахуалына 3 негізгі қауіп бар,- дейді  ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің Басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов.

Біріншісі, Орталық Азия, Қазақстан, Ресей әрі қарай Еуропа елдеріне қарай жүретін есірткінің трафигін тасымалдау. Екіншісі, кең таралып отырған синтетикалық есірткінің түрлері. Ал, үшіншісі мемлекет ішіндегі шикізаты көп есірткінің канабис түрінен жасалынатын марихуана секілді түрлері,-дейді ол.

Сонымен қатар, айтуынша жыл басынан бері құқық қорғау органдары мен арнайы құзырлы органдар 2500-ге жуық қылмысты анықтаған. Оның 60%-ы сатумен байланысты.

2168 қылмыс ішкі істер министрлігінің үлесінде. Жалпы көлемі 12,7 тонна есірткі тіркіленді. Жеке айтар болсақ, героин -33 кг, апиын – 68 кг, синтетикалық түрлері – 507 кг, гашиш -705 кг,марихуана – 4 тоннадай тіркіленді. 4 қылмыстық топтың белсенділігі тоқтатылды. 32 белсенді адам құрықталып, 13 адамға ауыр есірткі түрлері бойынша қылмыстық іс қозғалды,-дейді департамент басшысы.

Өзгелердің жаңалығы