Жамбыл облысында есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Жамбыл облысында аса ірі көлемде героин сатумен айналысқан этносаралық ұйымдасқан қылмыстық топқа қарсы ауқымды арнайы операция жүргізілді. 30 қарашада қылмыстық топтың алты мүшесі ұсталды, – деп хабарлады полиция департаменті.
Тінту кезінде ұсталғандардан бір келі героин, сондай-ақ гашиш, кептірілген марихуана және синтетикалық есірткі тәркіленді.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталғандардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп толықтырды полицейлер.
Қажетті сараптамалар тағайындалды, тергеу амалдары жүргізілуде.
Оқи отырыңыз: