Есірткі өндіруші 7 жылға сотталды

16 Мамыр 2020, 18:12
1498
Бөлісу:
Есірткі өндіруші 7 жылға сотталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада астананың маңында синтетикалық есірткіні өндіру және өткізу фактісі бойынша сот процессі аяқталды, деп хабарлайды Polisia.kz.  

Халық арасында "скорость" атауымен белгілі альфа-пирролидиновалерофенонның аса ірі мөлшередегі өндірісін қолға алған, 19 жастағы Екібастұз тұрғыны сот құзырына берілді.  

Сот  қарауы барысында белгілі болғанындай сотталушы кәмелеттік жасқа толмай тұрып есіртікіге әуестенген. Ол өзін есірткімен қамтамасыз ету және табыс табу үшін тыйым салынған  заттарды дайындауға шешім қабылдаған.  

Сол үшін ол астанаға көшіп, Көктал ықшам ауданында жалға үй алып, психотропты заттардың өндірісін жолға қойған.  

Тінту барысында астаналық полицейлер синтетикалық есірткі өндірісіне арналған химиялық заттарды, психотропты заттардың қалдықтары бар колбаларды, вакуумды аппаратты, есірткі өндірісі  бойынша формулалар жазылған дәптер, противогаздар,  өлшеуіштер, сондай-ақ күдікті есірткі өндіру кезінде киген химиялық қорғаныс костюмін алды.    

Жалпы салмағы 2 кг 340 гр дайындалған есірткі алынды. Яғни 1 грамм "скорость" 50 дозаға теңеледі. Дәлелдеме ретінде сотқа есірткіні жасыру орындары көрсетілген геобелгілері бар ұялы телефондар ұсынылды.

Сот топтасқан түрде аса ірі көлемде психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз дайындады деген айыппен 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Соттың үкімі заңды күшіне енді.


Өзгелердің жаңалығы