Есірткі бизнесі. 13 адам қамауға алынып, 9 кг психотроптық зат тәркіленді

28 Сәуір 2020, 23:45
1808
Бөлісу:
Есірткі бизнесі. 13 адам қамауға алынып, 9 кг психотроптық зат тәркіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен Алматы қаласының аумағында синтетикалық есірткі заттарын өткізуге қатысы бар есірткі тобының заңсыз әрекетінің жолын кесті.

2020 жылғы 16 сәуірде ҰҚКД қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын іске асыру барысында 300 грамм мөлшерінде синтетикалық есірткі өткізу кезінде Алматы қаласының "С" деген тұрғынын ұстады. Осы факт бойынша ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігінің 1, 3-тармақшаларына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адам тергеу изоляторына қамалды, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда - делінген ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінде.

Соңғы кездері Алматы қаласының аумағында синтетикалық түрдегі есірткіні жасырын қолдан жасау және өткізу фактілерінің артуы байқалатынын атап өту керек.

Атап айтқанда, соңғы уақыт ішінде ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті синтетикалық есірткі құралдарының заңсыз айналымының 16 фактісінің жолын кесті, заңсыз айналымнан 9 кг-нан астам психотроптық зат пен 986 литр химиялық қоспа алды. Үш жасырын зертхананың әрекеті тоқтатылды. Есірткі бизнесімен айналысқаны үшін 13 адам ұсталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды - делінген хабарламада.
Өзгелердің жаңалығы