Есіл өзенінің жағалауына кешенді зерттеу жүргізіледі

24 Қаңтар 2024, 15:00
386
Бөлісу:
Есіл өзенінің жағалауына кешенді зерттеу жүргізіледі
Фото: СҚО әкімдігінің ресми сайты

СҚО әкімдігінің отырысында су тасқыны кезеңіне дайындық мәселесі талқыланды. Өңірде көктемде елді мекендерді су басып қалмау үшін кешенді жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгінгі таңда су басу қаупі бар 87 елді мекен бақылауға алынды. Облыста жедел әрекет ету үшін 475 адам мен 135 техникадан тұратын күштер мен құралдар тобы құрылды. Құтқарушыларда 10 жоғары өтімді машина, 6 жол талғамайтын көлік, 7 қайық және 82 мотопомпа бар.

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жауапты мемлекеттік органдарға жұмысты өткен жылдар тәжірибесін ескере отырып ұйымдастыру қажет деді. Сондай-ақ су қоймаларынан қадағалау мәселесі бойынша көршілес облыстармен өзара іс-қимылды күшейту қажет. Есіл өзенінің жағалау сызығының жағдайына да ерекше назар аудару қажет. Аймақ басшысы жауапты мемлекеттік органдарға жағалау сызығына кешенді зерттеу жүргізуді тапсырды, - делінген хабарламада.

СҚО әкімі облыс орталығы мен аудандарда қардан тазалау жұмыстарын күшейтуді, жеке сектор тұрғындарына өз аумақтарын тазалау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы