Есік өзенінде су деңгейі көтерілді

29 Шілде 2023, 12:43
713
Бөлісу:
Есік өзенінде су деңгейі көтерілді

Алматы облысында төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері екі баланы құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

28 шілдеде сағат 16:55-те Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне Есік өзенінде су деңгейінің көтерілуі салдарынан Еңбекшіқазақ ауданының Рахат ауылдық округінде саяжай маңындағы аралда 2011 және 2012 жылы туған балалар қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері дереу оқиға орнына жіберілді.

Құтқарушылар техниканы пайдалану арқылы сағат 17:17-де серуенге шығып, үйлеріне өз бетінше орала алмаған балаларды құтқарды. Балалардың бірін өрт сөндіруші-құтқарушы Руслан Алпысбаев, екіншісін № 3 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі Бағжан Оразымбетов көтеріп алып шықты. Балаларға медициналық көмек қажет болмады, - делінген хабарламада.

Құтқарушылар ата-аналардан балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.

Өзгелердің жаңалығы