«Ешқайда кеткілері келмейді». Заңгер жастарға жол бергісі келмейтін ескі кадрлар туралы айтты

17 Тамыз 2022, 13:21
3325
Бөлісу:
«Ешқайда кеткілері келмейді». Заңгер жастарға жол бергісі келмейтін ескі кадрлар туралы айтты

Бұл жайында заң ғылымдарының докторы Ермек Әбдрасілов ​​ОКҚ-да өткен брифингте айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Ескі Қазақстанның санасы, жүйесі қалыптасып кеткен. Көп жерде непотизмнің арқасында кәсіби жұмысын білмейтіндер бар. Мен өзім де мемлекеттік қызметте болдым. Өзім де көзіммен көрдім. Екі адам жұмыс істесе, 10 адам жүреді. Біріншісінің артында біреу, екіншісінің артында біреу тұрады. Екі адам барлығына үлгеріп жатқан жоқ. Қалғандары күтіп отырады. Басқа арызды ешкім қарап жатқан жоқ. Жаңа Қазақстанда біз барлығына бірдей қарауымыз керек, - деді ол. 

Әбдрасілов Қазақстанның қамын ойлап жүрген жастар көп екенін айтты. 

Ал оларға жол бермей жүрген ескі кадрлар да бар. Қолдарын «бешбармаққа» салып қойып, ешқайда кеткілері келмейді. Жаңа Қазақстанда ондайды азайтуымыз керек, - деді Ермек Әбдрасілов. 

Өзгелердің жаңалығы