«Тойхананың асханасынан кіріп шаршадық». Майғазиев вакцина салдыртты

15 Сәуір 2021, 12:35
2816
Бөлісу:
«Тойхананың асханасынан кіріп шаршадық». Майғазиев вакцина салдыртты
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымының директоры, танымал әнші Сәкен Майғазиев коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдыртты.

Әнші бұл туралы Іnstagram-дағы парақшасында жазды. Арасында әзілдеп те қойды.
Халқымнан, Президенттен, имамдардан, мұғалімдерден, мемлекеттік қызметкерлерден, медицина, полиция қызметкерлерінен әулие емес шығармын, көппен көрген ұлы той, кеше мен де «Медикер» орталығында «Спутник V» екпесін салдырдым, - деп жазды әнші.
Сонымен қатар ол өзін екпе салдыртуға ешкімнің мәжбүрлемегенін, сондай-ақ видеоны үгіттеу үшін салып отырмағанын жазды.
Ешкім мәжбүрлеген жоқ, мен де ешкімді үгіттемеймін. Былтырғыдай өлім-жітім көбеймесе екен, ең болмаса таралуына себепші болмасам екен деген ниет. Оқшауланып, қашықтан жұмыс істеп (тойхананың асханасынан кіріп (қалжың), шаршадық. Кеше жариялайын дедім де, бүгін қандай әсерде болғаныммен бөліспекке бел будым. Бір Аллаға шексіз шүкір, жағдайым жақсы. Таңғы төртте тұрсам, терлеп жатыр екем. Ешқандай ауыртпалық сезбедім, - деп жазды Сәкен Майғазиев.
Ол өз кезегінде мүфтияттың пәтуәсы бойынша, аузы берік адамға екпе салдыру оразаны бұзбайды деп айтты. 




Өзгелердің жаңалығы