"Ешкім де көмексіз қалмайды". Үкімет басшысы халыққа тағы қандай көмек берілетінін айтты

23 Сәуір 2024, 10:44
576
Бөлісу:
"Ешкім де көмексіз қалмайды". Үкімет басшысы халыққа тағы қандай көмек берілетінін айтты
Фото: primeminister.kz

Зардап шеккендерге келтірілген шығындарды өтеу тәртібіне түзетулер бекітілді. Бұл туралы Үкімет басшысы Олжас Бектенов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Кеше мен тиісті қаулыға қой қойдым. Қазіргі таңда 11 мыңға жуық отбасы 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төлем алды. Бұл – үлкен жұмыстың басы ғана. Оған қосымша тағы 150 айлық есептік көрсеткішке дейін төлейтін боламыз. Оған адамдар тоңазытқыш, үстел, орындықтар, ыдыс-аяқ, киім-кешек сияқты бүлінген бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып ала алады, - деді Премьер-министр.

Сондай-ақ ол кәсіпкерлердің шығындары өтелетінін айтады.

Азаматтарға айтатыным, сабырлық сақтаңыздар. Ешкім де көмексіз қалмайды. Бұл мәселелердің барлығы Президенттің және менің жеке бақылауымда. Сондықтан біз осы сынақтан абыроймен өтеміз деп білемін. Дегенмен кейбір өңірлерде тасқын қаупі әлі сейілген жоқ. Өзендерде су деңгейінің көтерілу фактілері тіркелуде, - деді Олжас Бектенов.

Осыған дейін үйлері суға кеткен азаматтарға қандай көмек көрсетілетіні туралы айтылды. Үкімет отырысында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев өңірдегі ахуал туралы баяндады. Елімізде 5 мыңнан астам үй су астында қалған. 

Өзгелердің жаңалығы