Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда Университетская көшесіндегі су басқан үш үш қабатты үйлерден тұрғындар эвакуацияланды. Қазір қызметтер ауладан суды сорып жатыр.
Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің басасөз қызметі хабарлады.
Пәтер иелерімен Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек кездесті. Өңір басшысы ешкімді қиын жағдайда қалдырмайтынына сендірді.
Ешкім далада қалмайды. Тиісті ұйымдар тексеру жүргізеді. Барлық қажетті шаралар қабылданады, – деді Жеңіс Қасымбек.
Қазіргі уақытта тұйықталу қаупінің алдын алу мақсатында электр қуаты өшірілген. Баспана күзетке алынды.
Үйлерде 36 пәтер бар. Тұрғындардың көпшілігі туыстарына кетті. 23 адам қонақ үйлерге орналастырылды.