Есептегі азаматтар арасында спорттық шара өтті

18 Наурыз 2022, 02:32
1837
Бөлісу:
Есептегі азаматтар арасында спорттық шара өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай Шиелі аудандық пробация қызметі мен Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен есептегі арасында спорттық шара өтті. Бұл туралы Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-шараның мақсаты сотталғандардың салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру. 

Жарыс спорттың футбол мен қол күрес түрінен өтті. Жарысқа пробация есебіндегі 17 сотталған қатысып, белсенділік танытып қатысты. Қол күрес жарысына білек күші мықты сотталғандар қатысып, жарыс көркін қыздырды. Ал кіші футболға 3 команда қатысып, өзара кім мықтыны анықтады. Қатысушы командалар 20 минуттан 2 тайм өткізді. Қатысушы командалар намысты қолдан бермеуге тырысып бақты. Жарыс қорытындысымен «Нұрдәулет» командасы І орын алса, ІІ , ІІІ орынды «Жастар» мен «Қайрат» командасы бөлісті.        

Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Бала кезімнен спортты жаныма серік еткенмін. Бүгінгі жарыста қарсыластарым да осал болмады. Жарыс қорытындысымен жеңімпаз атандым, ұйымдастырушыларға алғысым шексіз, – деді есептегі азамат. 

Пробация қызметінің аға инспекторы мұндай спорттық шараны жиі ұйымдастыру есептегі азаматтардың салауатты өмір салтын ұстанып, жақсы жолға түсуіне ықпал ететіндігін айтты.

Себебі, еңбекпен тәрбиелеу секілді спортпен тәрбиелеуді қатар алып жүрудің де маңызы жоғары, – аудандық пробация қызметінің аға инспекторы әділет майоры С.Қалмағанбетов.

Қызықты да тартысты өткен жарыста жеңімпаздар анықталып, арнайы дипломдармен марапатталды.  

Өзгелердің жаңалығы