"Есеп шоттары бұғатталады". Биыл 281 мыңға жуық адам декларация тапсырмаған

5 Қараша 2024, 16:11
1377
Бөлісу:
"Есеп шоттары бұғатталады". Биыл 281 мыңға жуық адам декларация тапсырмаған
Фото: Жасанды интеллект

Мемлекеттік кірістер комитеті Жеке тұлғалардың табыстарын әкімшілендіру басқармасының бас сарапшысы Ерсайын Көптілеуұлы елімізде қанша адам декларация тапсырмағанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жалпыға бірдей декларациялау 3 кезең бойынша декларацияны заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары), дара кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары тапсыру қажет. Жалпы саны 2,4 млн адам декларация тапсыру керек еді. Қазіргі таңда 281 мың адам декларация ұсынған жоқ, - деді Ерсайын Көптілеуұлы.

Декларацияны тапсыру мерзімі 2024 жылғы 16 қыркүйекте аяқталды.

Декларацияны ұсынбаған салық төлеушілер бойынша салық заңнамасында белгіленген мерзімде салық есептілігін ұсынбағаны туралы хабарламалар жіберілді. Хабарламаны алған сәттен бастап 30 жұмыс күні ішінде мұндай адамдар декларацияны ұсыну немесе түсініктеме беру арқылы бұзушылықты жоюы қажет. Егер орындамаған жағдайда есеп-шоттары бұғатталады. Бұл жеке тұлғаларға қатысты емес, дара кәсіпкер ретінде тіркелген азаматтарға қатысты ереже. Қазіргі таңда 281 мың адамның 10 пайызы ғана декларциясын ұсынып отыр. Ал қалған 90 пайызы декларацияны ұсынған жоқ, - деді сарапшы.

Өзгелердің жаңалығы