Есенкелді Батырғаринді еске алу халықаралық турнирі басталды

26 Қазан 2019, 13:07
5723
Бөлісу:
Есенкелді Батырғаринді еске алу халықаралық турнирі басталды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде балуан Есенкелді Батырғаринді еске алуға арналған Халықаралық турнир жалауын көтерді. Жарысқа Қырғызстан мен Қазақстаннан 160 спортшы қатысып отыр. 

Бұл туралы Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

WhatsApp Image 2019-10-26 at 12.41.51.jpeg

Шараның ашылу салтанатына Есенкелді Батырғариннің әріптестері мен спорт басқармасының басшылары қатысты. Жекпе-жек спорт сарайында басталған додаға 16 команда қатысып жатыр. Араларында әлем чемпионатының және респуликалық жарыстардың жүлдегерлері де бар. Балуандар Біріккен әлемдік күрес федерациясының талаптарына сай 10 салмақ дәрежесі бойынша белдеседі. 

"Турнирге келген спортшыларымыздың ішінде Қазақстан, Азия және Әлем чемпионатының жүлдегерлері де бар. Бұл жарысты Қазақстан жастар құрамасының Аға жаттықтырушысының өзің келіп бақлауда. Бауландардың ішінен мықтыларын таңдап, Қазақстан құрамасына іріктеу. Жарыстың негізгі мақсаты да сол", - деді бас төреші Серік Жоламанов.
WhatsApp Image 2019-10-26 at 12.41.50.jpeg

Алдымен жеңіл және орта салмақтағы балуандар күресті. 63 келіде бозкілемге көтерілген Жүсіп Абдуалиев өзінің бабында екенін дәлелдеп, жартылай финалға өтті. 

"Есенкелді Батырғарин атындағы бұл жарысты. Ұзақ күттік. Барлығы әзірге жоспардағыдай келе жатыр. Бұл турнир біз секілді жас спортшылар үшін үлкен мүмкіндік. Мақсат жеңімпаз болу. Осы жолда аянып қалмаймын. Алда Қазақстан Республикасының чемпионаты тұр. Сол біріншілікте де топ жару жоспарда бар", - деп атап өтті жарысқа қатысушы Жүсіп Абдуалиев. 
WhatsApp Image 2019-10-26 at 12.41.50 (3).jpeg

Кеңес Одағы кезінде қазақ балуандары арасында кіші Олимпиадаға баланған КСРО халықтық Спартакиадасында үш қазақ жеңімпаз атанған болатын. Соның бірі - Есенгелді Батырғарин. Ол жеңіп қана қоймай көз ілеспес жылдамдығымен рекорд орнатқан еді. Оның көрсеткен нәтижесін 20 жыл бойы ешкім бұза алмады. Ал спортшының әріптес достары Мейрамбек Айнағұловты Батырғариннің жалғасы деп біледі. 

"Жарыс жоғары деңгейде өтіп жатыр. Турнирге келген балуандардың барлығы бабында. Есенкелді Батырғарин - аты аңызға айналған балуан. Біздің мақтанышымыз. Әр балуанның эталоны десем артық болмас. Інілерімнің белдесулерін көріп, шеберлігіне тәнті болып отырмын", - деді грек-рим күресінен Әлем чемпионатының қола жүлдегері Мейрамбек Айнағұлов. 
Есенкелді Батырғарин - қысқа ғұмырында халықаралық дәрежедегі спортшы атағына дейін қол жеткізіп, КСРО халықтарының спартакиадасы мен Әлем және КСРО кубогын жеңген болатын. Оның спорттға жарқын сәттері өскелең ұрпаққа үлгі, мақтаныш.
Өзгелердің жаңалығы