Ержан Төлеубаев гір тасын көтеруден әлем чемпионы болды

Бөлісу:
Ержан Төлеубаев гір тасын көтеруден әлем чемпионы болды

Қырғызстанда гір тасын көтеру спорты бойынша өткен әлем біріншілігінде 18404 десанттық-шабуылдау әскери бөлімінің әскери қызметшісі кіші сержант Ержан Төлеубаев чемпион атанды.

Жасөспірімдер, жастар, ересектер мен ардагерлер арасындағы әлем чемпионаты Шолпаната қаласында өтіп жатыр. Оған әлемнің 13 елінен 350-ден астам спортшы бақ сынады.

Ержан Төлеубаев 68 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіске жетті. Ал екінші орынға Ресей елінің өкілі иеленсе, үшінші орынға Өзбекстаннан келген спортшы табан тіреді.

Бұл спортшының осы деңгейдегі жарыстарда олжалаған екінші "алтыны" екенін айта кеткен жөн.

Өзгелердің жаңалығы