Ержан Мырзабаев жаңа қызметке тағайындалды

20 Қазан 2022, 12:00
810
Бөлісу:
Ержан Мырзабаев жаңа қызметке тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ержан Жексенғалиұлы Мырзабаев Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ержан Жексенғалиұлы Мырзабаев 1969 жылы 12 тамызда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Армия генералы А. В. Хрулев атындағы Ярославль жоғары әскери қаржы училищесін, Ресей Федерациясы Үкіметінің жанындағы Қаржы академиясын бітірген.

Еңбек жолын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құрылымдарында бастады.

1995-1996 жылдары Қорғаныс министрлігінің Бюджеттік-қаржы басқармасы Қаржы инспекциясының инспектор-ревизоры болып жұмыс істеді.

1999-2000 жылдары ҚР Қорғаныс Министрлігі Экономика және қаржы департаменті Ревизионды-бақылау басқарма басшысының орынбасары-қаржы бөлімінің бастығы, Ревизионды-бақылау басқармасының басшысы болды.

2000-2002 жылдары – ҚР Қорғаныс министрлігі Бас қаржы инспекциясының бастығы.

2002-2006 жылдары – ҚР Республикалық Ұланның ревизиондық-бақылау қызметінің бастығы, әскери-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету департаменті бастығының орынбасары – Қаржы-экономикалық басқармасының бастығы.

2007-2009 жылдары – «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Активтерді басқару және  бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры, Алматы қаласы бойынша өңірлік филиалының директоры-басқарушы директоры. 

2009-2010 жылдары — «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Қаржы және бухгалтерлік есеп департаментінің директоры.

Әр жылдары Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің құрылымдарында басшылық қызметтер атқарды. 

Өзгелердің жаңалығы