Ержан Максим ресейлік «Голос. Дети» байқауының келесі кезеңіне өтті

6 Сәуір 2019, 15:03
2701
Бөлісу:
Ержан Максим ресейлік «Голос. Дети» байқауының келесі кезеңіне өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық жас әнші Ержан Максим ресейлік «Голос. Дети» байқауына қатысып жатыр. Валерий Меладзенің тобына түскен ол екінші кезеңнен сүрінбей өтті. 

Байқаудың алғашқы көрмей тыңдау кезеңінде Бочеллидің «Ama credi e vai» әнін орындап, үш тәлімгерді де – Валерий Меладзе, Светлана Лобода мен Пелагеяны таң қалдырды. Ержан Меладзені таңдады. 
Екінші жекпе-жек кезеңінде Ержан Максим командаластары Иван Стариков пен Ислам Балкоевке қарсы өнер көрсетті. Жас әншілер Муслим Магомаевтың «Синяя вечность» әнін орындады. Валерий Меладзе олардың арасынан қазақстандық әншіні таңдады.  

Аталған жобаға Ержан Максимнен бөлек тағы қазақстандық қатысып жатыр. Олар – Рамина Сармурзина, Жанеля Қалдыбек, Жан Макин және Жанель Муратова. Шоу «Бірінші арнадан» әр жұма сайын «Время» бағдарламасынан кейін көрсетіледі.

 

Өзгелердің жаңалығы