Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жас дарын Ержан Максим қазақстандықтар мен әнсүйер қауымды Жаңа жыл мерекесімен бейнежазба арқылы құттықтады. Оны әнші өзінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында жариялады.
Ассалаумағалейкум, құрметті инстадостар! Баршаңызды келіп жеткен Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Әрқашан аман болыңыздар! Аспандарыңыз ашық болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Ержаннан жалынды сәлем Мәскеуден, – деді өнерлі өрен.
Сонымен қатар, ол өзіне қолдау көрсетіп жүрген жанкүйерлеріне алғыс айтты.