Толқу жоқ – Ержан Максим Junior Eurovision жайлы

24 Қараша 2019, 10:31
2749
Бөлісу:
Толқу жоқ – Ержан Максим Junior Eurovision жайлы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Junior Eurovision 2019 конкурсында Польша, Австралия, Сербия, Испаниядан келген балалардың дайындығы мықты, деп хабарлады Хабар24 арнасы.

Junior Eurovision 2019 байқауы жеңімпазының есімі "Хабар" телеарнасының тікелей эфирінен жарияланады.

Ержанның нөмірі құрылымы жағынан шынымен де өте күрделі. Сахнада негізгі орындаушыдан бөлек проектор, балет, арнайы тапсырыспен жасалған реквизит – бәрі бар. Костюмі де оңай дүние емес. Оны жобалаудан бөлек, қажетті материалдар тауып, тігетін шебер іздестіру үшін де біраз уақыт жұмсалған.

Жалпы алғанда бәрі керемет, бәрі жақсы. Біздің көңіл-күйіміз көтеріңкі. Ержан ерлеп жатыр. Ол көптеген адамның жүрегін жаулап та үлгерді. Көпшілік оның әлеуеті мен күшін көріп, тамсануда, - дейді продюсері Сергей Руцкий.

Ержанның жеңіс туын желбіретемін деген асқақ арманы бар. Бірақ бәсекелестері де осал емес. Әсіресе, Польша, Австралия, Сербия, Испаниядан келген балалардың дайындығы мықты. Дей тұрғанымен, ретсіз уайымдап тұрған Ержан жоқ. 

Мен көптеген байқауға қатыстым. Толқу жоқ. Құрметті достар, сіздердің дауыстарыңызды күтетін боламын. Мен сіздерді қатты жақсы көремін. "Хабар" телеарнасына үлкен рахмет, - деді Junior Eurovision 2019 қатысушысы Ержан Максим.

Айта кетсек, байқаудың ақтық сайысы бүгін "Хабар" телеарнасында Нұр-Сұлтан уақытымен кешкі сағат 9-да көрсетіледі. Ержан Максим үшін дауысты 23 қараша түнгі бірден бастап junioreurovision.tv сайты арқылы онлайн беруге мүмкіндік бар.

"Junior Eurovision Song Contest" ән байқауында Қазақстан намысын қорғап жатқан Ержан Максимге 2 рет дауыс беруге болады.

Өзгелердің жаңалығы