Ертіс өңірінің металлургтері Наурыз мейрамы қарсаңында экоакция өткізді

16 Наурыз 2021, 13:46
3399
Бөлісу:
Ертіс өңірінің металлургтері Наурыз мейрамы қарсаңында экоакция өткізді

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан электролиз зауытының қызметкерлері Наурыз мейрамы қарсаңында ерекше экологиялық акция өткізді. Металлургтер Ұлыстың ұлы күнін атап өтудің 10 күндігі аясында орманға құс үйшіктерін орнатты.

Металлургтер қауымы бұл идеяны қуана қабылдап, әр күн сайын тақырыптық шараларды ұйымдастыруда. Кәсіпорынның жастар кеңесінің мүшелері Табиғат күніне орай қанаттыларды қамқорлыққа алды. 

Құстарға арналған үйшіктер облыс орталығындағы саябақтарға орнатылды. Үйшіктерді өз қолдарымен жасады. 

Наурыз айының соңында құстар жылы жақтардан ұшып келетіні белгілі. Біз бұған дайын болғымыз келеді. Қанаттылар ұялау үшін ешқандай кедергі болмауы керек. Сондықтан экологиялық десант құрылып, бұл мәселені шешуге атсалысты, - дейді зауыттың қоршаған ортаны қорғау жөніндегі сарапшысы Әміржан Бакенов. 

Құстарға арналған үйшіктер әзірге Жібек жолы көшесінің бойындағы ағаштарға орнатылды. Құралдар экологиялық таза материалдардан жасалды. 

Қытымыр қыс біткен соң, жылы жақтан келетін құстарға қамқор болуымыз керек. Бұл - қоршаған ортаны қорғау, аялау деген сөз. Павлодардың қысы тым суық, құстарға көмектесуіміз керек, - дейді жастар кеңесінің төрағасы Бекжан Смағұлов. 

Мамандардың айтуынша, бұл экологиялық акция дәстүрге айналмақ.

Өзгелердің жаңалығы