Ертіс өңірінде 131 мыңға жуық адам әлі күнге дейін сақтандырылмаған

29 Наурыз 2023, 13:16
877
Бөлісу:
Ертіс өңірінде 131 мыңға жуық  адам әлі күнге дейін сақтандырылмаған
Фото: kyzylorda-news.kz

Ертіс өңірінде медициналық сақтандыру баршаға бірдей міндетті болғанына қарамастан, 131 мыңға жуық азамат әлі күнге дейін төлем аудармай келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің Павлодардағы тілшісі. 

Облыстағы медициналық-әлеуметтік сақтандыру қорының директоры Нұрлан Қасымовтың айтуынша, жыл басынан бері павлодарлық төлеушілер тарапынан қорға 122 млрд теңге түскен.

Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру ұлғайған сайын медициналық көмектің қолжетімділігі артып келеді. Диагностикалық және кеңес беру бойынша қызметтер саны да көбеюде. Қазір бұрын тек ақылы көрсетілетін қызметтер МӘМС шеңберінде тегін көрсетіле бастады. Мәселен, үш жыл бұрын қымбат диагностикалық шаралардың игілігін тек белгілі бір санаттағы азаматтар көріп келген. Бүгінде қызмет көрсетуші ұйымдар пайда болды. Өңірде 13 компьютерлік томография аппараты мен сегіз МРТ құрылғысы бар,  - дейді Нұрлан Қасымов.

Мамандардың айтуынша, жүйедегі өзгерістерге сәйкес биылдан бастап стоматологиялық қызметтер бойынша да тікелей келісімшарттар жасала бастады. 

Скринингтік тексерулерге жататын ауыл халқының саны артты. Профилактикалық тексерулермен 18-70 жас аралығында азаматтар қамтылады. Бұл шаралардың аясында гастроэнтеролог, уролог, нефролог, маммография, бірқатар зертханалық талдамалар мен диагностикалық процедуралар қолжетімді болмақ, - дейді мамандар.

Айта кетейік, сақтандырылмаған тұрғындар тек медициналық қызмет ала алады. Ал УДЗ, томография арқылы зерттеу жүргізе керек болса, құқықтары шектеледі. Сондықтан, сақтандыру қажет. Қазір жұмыс берушілер мен азаматтар арасында түсінедіру жұмыстары жүріп жатыр. Шұғыл желі де іске қосылған. 

Өзгелердің жаңалығы