Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында 2018 жылдың 9 айы ішінде 38 егіз дүниеге келсе, биылғы жылы бұл көрсеткіш 63-ке жеткен. Бұл туралы №1 облыстық перинаталдық орталықтан хабарлады.
"Үстіміздегі жылы 1 қазаннан бастап, 10 күннің ішінде 5 егіз дүниеге келді. Олардың барлығын аналары табиғи жолмен көтерген. Яғни, ЭКО әдісіне жүгінбеген. Нәрестелердің алтауы – ұл болса, төртеуі – қыз. Бөбектердің жағдайы жақсы. Бүгінде олардың бірі ауруханадан шығарылған. Аналар Павлодар, Шарбақты, Успен, Баянауыл аудандарынан келген. Ең кішкентай баланың салмағы - 2 келі", - делінген хабарламада.Айта кетейік, соңғы кездері өңірде бала туу көрсеткіші артқаны байқалады. 2019 жылы 9 айдың ішінде перинаталдық орталықта 2926 бала туған.