«Ertis» футбол клубының бұрынғы директоры сотталды

15 Мамыр 2021, 07:15
1557
Бөлісу:
«Ertis» футбол клубының бұрынғы директоры сотталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Интернет желісінде клубтың бұрынғы директоры Серік Омархановтың бір жылға бас бостандығынан айырылғаны туралы сот үкімінің көшірмесі жарияланды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Соған сәйкес сот отырысы 12 мамырда  Павлодар қалалық №2 сотында өткен көрінеді. 

Құжаттарға қарағанда ҚР Қылмыстық кодекісінің «Ertis» ФК бұрынғы директоры Серік Омарханов өз әрекеттерімен мемлекеттік кіріс органдарына қате мәліметтері бар салық декларациясын тапсырып, сол арқылы мемлекетке шығын келтірген. Оның мөлшері 193 939 013 теңгені құрады.

Сот ҚР Қылмыстық кодексінің 118, 383, 387-393, 395-398, 401, 402 баптарына сүйене Серік Қорғанбайұлы Омархановты ҚР Қылмыстық кодекісінің 245-бабы 1-тармағы бойынша кінәлі деп тауып, үш жыл бойы қаржылық және коммерциялық құрылымда лауазымдарды иелену құқығын айыра минималды қауіпсіздігі бар қылмыстық атқару жүйесінде 1 (бір) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындау туралы үкім шығарды, – делінген ресми құжатта.
Естеріңізде болса, 2020 жылы 30 мамырда қаржылық қиындықтарға байланысты «Ertis» футболдан Қазақстан чемпионатындағы өнер көрсетуін тоқтату туралы шешім қабылданған болатын.
Өзгелердің жаңалығы