Ертеңгі Жолдауда не айтылуы мүмкін. Сарапшы жауабы

31 Тамыз 2022, 14:40
3465
Бөлісу:
Ертеңгі Жолдауда не айтылуы мүмкін. Сарапшы жауабы

Ертеңгі  Жолдауда  бірінші кезекте әлеуметтік-экономикалық мәселелер көтеріледі. Бұл пікірді Қазақстандық қоғамдық даму институтының эксперті, Олжас Бейсенбай айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстандық қоғамдық даму институты әртүрлі саладағы сарапшылардың арасында сауалнама өткізген еді. Оның нәтижесінде қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық мәселелер, оның ішінде күнделікті тұтынатын азық-түлік бағаларына қатысты пікірлер айтылды. Сондықтан бұл мәселе жақын арада тиісті шешімін табуы керек деп ойлаймын - деді ол.

О.Бейсенбайдың сөзінше, Мемлекет басшысы Үкіметке қысқармерзімде атқарылуы тиіс тапсырмалар беріп, жауапты министрліктердің жұмысына баға береді.

Біріншіден, Президент жаңа жағдайдағы экономиканы диферсицикациялау және сыртқы сауда-логистикалық байланысты нығайтудың бағыт-бағдарын айқындап береді деген ойдамын. Екіншіден, қоғам сұранысына қарай Қаңтар оқиғасын тергеу нәтижесі туралы да айтылады деп есептеймін. Үшіншіден, іске асып жатқан саяси реформаларды тереңдету және жалғастыру, саяси-экономикалық реформаның балансын сақтау мәселесі де көрініс табатыны анық, - деді саясаттанушы.

Сарапшының айтуынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке елдің ішкі жағдайын және халықаралық геосаяси тұрақсыздықты ескере отырып, одан шығудың тиімді жолдарын қарастыруды тапсырады.

Сол себепті Мемлекет басшысы мемлекеттік аппараттың, жергілікті өзін-өзі басқару, қоғаммен тығыз ықпалдастық саласын жетілдіру бойынша ұсыныстар беруі мүмкін. Жалпы, кезекті Жолдауда ішкі-сыртқы түйіткілді мәселенің түйіні тарқатылады деген сенімдемін - деді Олжас Бейсенбай.

Өзгелердің жаңалығы