Ертең елордада бірнеше көше жабылады

Ертең елордада бірнеше көше жабылады
990

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 7 мамырда Нұр-Сұлтанда Отан қорғаушылар күніне және Жеңіс күніне арналған жалпы білім беретін мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттері арасында жеңіл атлетикалық эстафета өтеді.

Елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлағандай, эстафетаны өткізуге байланысты Жеңіс даңғылы мен Бигелдинов көшесінің қиылысы (Қаржы министрлігі), Әлия Молдағұлова көшесі, Бейбітшілік көшесі мен Отырар көшесіне дейін сағат 10.30-дан 12.00-ге дейін жабылады.

Жоғарыда аталған көшелер кезең-кезеңмен ашылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін өз маршруттарыңызды алдын ала жоспарлап, түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.

 

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ашық дереккөз