Ертең ауа райы қандай болады?

18 Шілде 2021, 18:13
2477
Бөлісу:
Ертең ауа райы қандай болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  «Қазгидромет» синоптиктері Қазақстандағы 19 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Күн күркіреп, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, Қазақстанның оңтүстігі мен батысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз. Республика бойынша кей жерлерде оңтүстікте жел күшейеді, шаңды дауыл болады, солтүстікте және орталықта түнде және таңертең тұман түседі, - делінген хабарламада.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, түнде Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі, күндіз жел секундына 15-20 метрге күшейеді.

Жамбыл облысында күндіз таулы аудандарда найзағай, бұршақ, шаңды дауыл соғады, жел секундына 15-20 метрге күшейеді.

Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай, тұман болады, жел секундына 18 метрге күшейеді.

Қызылорда, Түркістан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады, шаңды дауыл күтіледі.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде, Алматы облысының таулы аудандарында найзағай, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман болады.

Күндіз Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қарағанды, Алматы облыстарының кей жерлерінде аптап болады, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде, Маңғыстау облысының оңтүстігінде қатты ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Өзгелердің жаңалығы