Ертең Алматыда сирена қосылады

20 Мамыр 2024, 10:11
5060
Бөлісу:
Ертең Алматыда сирена қосылады
Фото: Алматы әкімдігі

21 мамыр күні таңғы сағат 10-да Алматыда сиреналар естіледі, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметі сиреналар мен көшедегі дыбыс зорайтқыштар қосылатынын хабарлады.

«Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру сигналы іске қосылады. Электрлік сигналдарын қосу арқылы телерадио хабарларын тарату арналарын автоматты түрде ұстап тұрумен қатар қала қонақтары мен тұрғындарын ескерту жүйесінің техникалық дайындығын тексеру және сейсмикалық дайындықтың басталғаны туралы хабарлайды, – дейді ТЖД баспасөз қызметі.

ТЖД адам көп жиналатын орындарда сейсмикалық дайындық жүргізілетін атап өтті.

Білім беру ұйымдарында, адам көп жиналатын орындарда азаматтарды ғимараттардан алдын ала белгіленген қауіпсіз орындарға эвакуациялау элементтерін әзірлей отырып, объектілік сейсмикалық дайындық жүргізіледі, – дейді ТЖД баспасөз қызметі

Өзгелердің жаңалығы