Ертеңнен бастап елорда маңына қатынайтын автобустар қайта жүреді

16 Тамыз 2020, 20:49
1262
Бөлісу:
Ертеңнен бастап елорда маңына қатынайтын автобустар қайта жүреді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 17 тамыздан бастап елорда маңына қатынайтын автобус бағдарлары қайта іске қосылады, деп хабарлайды CTS компаниясы.

Ертең, 17 тамыз күні қала маңындағы бағдарларды шығарамыз. Автобустар 06:00-22:00 сағат аралығында жүреді. Қоғамдық көлікке бетпердесіз кіруге рұқсат етілмейді. Барлық қала маңындағы автобустарда дезинфекция жүргізіледі, - делінген CTS компаниясы таратқан хабарламада.
Алдағы демалыс күндері, яғни 22, 23 тамызда Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес қоғамдық көлік жүрмейді.


Өзгелердің жаңалығы