Ерсұлтан Мұзаппаров «Шымкент барысы-2023» турнирінің жеңімпазы атанды

11 Мамыр 2023, 07:37
1510
Бөлісу:
Ерсұлтан Мұзаппаров «Шымкент барысы-2023» турнирінің жеңімпазы атанды
Фото: otyrar.kz

Шымкент қаласында қазақ күресінен «Шымкент барысы» қалалық іріктеу турнирі өтті. Жеңіл атлетикалық спорт кешеніндегі сайыста салмағы 90 келіден асатын жалпы 18 балуан күш сынасты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әлем және Азия чемпионатының жүлдегерлері, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, спорт шеберлері қатысқан сайыстың жеңімпаздары анықталды.

Жеңімпазға 1 миллион теңге, екінші орынға – 500 мың, үшінші орынға 300 мың теңге сыйақы берілді.

«Шымкент барысы» қалалық іріктеу турнирінде белгілі балуан Ерсұлтан Мұзаппаров жеңіске жетті. Жастар арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері Мейіржан Әбдімәліков екінші орынға ие болды. Енді олар шілде айында Астана қаласында өтетін «Қазақстан барысы» республикалық жарысында Шымкенттің намысын қорғайды.

Өзгелердің жаңалығы