Ернар Баспаев Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары болды

9 Желтоқсан 2022, 08:55
756
Бөлісу:
Ернар Баспаев Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары болды
Фото: BAQ.KZ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ернар Жеңісұлы Баспаев ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Е.Баспаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – ҚР Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.

Еске салайық, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары болған Мәлік Мырзалин бүгін лауазымынан босатылып, Қазақстанның Грузиядағы Елшісі қызметіне тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы