Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Эстрада әншісі Ернар Айдар әлеуметтік желілерде төрт автомобильді, Алматыдан бір бөлмелі пәтерді және тұрмыстық техниканы ұтысқа қойған лотерея ойынын жарнамалаған болатын.
Алайда, Алматы қаласының экономикалық тергеу департаменті мен полиция қызметкерлері бұл лотерея ойынының алаяқтық екенін анықтаған. Қазіргі таңда іс тергелуде. Осыған орай Ернар Айдар әлеуметтік желідегі жеке парақшасында өзінің де алданып қалғанын, тергеу жұмыстарына барынша көмектесетінін айтты.
Айта кетейік, 24 сәуірде әнші Ернар Айдар мен тағы 12 адам тікелей эфир кезінде ұсталғандығы белгілі болды. Содан кейін полиция оларды елдегі төтенше жағдайды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартқан болатын. Кейін Ернар Айдар заңсыз ұтыс ойынын өткізді деген күдікке ілінді.