Ерлан Тұрғымбаев спортшы полицейлерді марапаттады

16 Желтоқсан 2021, 13:23
1534
Бөлісу:
Ерлан Тұрғымбаев спортшы полицейлерді марапаттады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ішкі істер министрлігінде салтанатты іс-шара өтті. Ведомство басшысы спортшыларды марапаттады, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан зор үлесі, жоғары спорттық жетістіктері үшін министр 42 спортшыға медальдар, төсбелгілер, грамоталар мен алғыс хаттар табыс етті. ІІ дәрежелі “ІІО үздігі” төсбелгісімен қазақстандық дзюдошы, Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Елдос Сметов, “Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін” медалімен еркін күрес шебері, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Нұрислам Санаев және ауыр атлет, үш дүркін әлем чемпионы, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Зульфия Чиншанло марапатталды. 

Ерлан Тұрғымбаев спортшы полицейлерді марапаттады

ІІМ басшысы қонақтарды құттықтап, полицейлердің спорттағы үздік жетістіктерін атап өтті. Ол спортшыларға таусылмас қуат пен жаңа жеңістер тіледі. Салтанатты шара ҚР Ұлттық ұланы Ән-би ансамблінің және әртістердің қатысуымен арнайы дайындалған концерттік бағдарламаға ұласты.

 

Өзгелердің жаңалығы