Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ерлан Қарин: Цифрлық трансформация мен ЖИ – еліміздің жаңа ұлттық идеясы

8 Қыркүйек 2025, 13:23
843
Бөлісу:
 - архив
Фото: - архив

Жолдауға қатысты Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Биылғы Жолдаудың біріктіруші идеясы – цифрландыруды кең көлемде дамыту және жасанды интеллектіні жаппай енгізу. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканың түрлі салаларына цифрландыру мен жасанды интеллект құралдарын жеделдетіп енгізу міндетін жүктеді. Бұл қадамның барлығы жинақтала келіп, Қазақстанның жаңа Ұлттық цифрлық даму стратегиясына біріктіріледі, - дейді ол.

Оның айтуынша, Қазақстан жаңа технологияларды дамыту мен енгізуде кешенді әрі жүйелі шешімдер қабылдаған әлемдегі алғашқы елдердің бірі болып отыр. Бұл ретте Қазақстан болашақта технологиялық тұрғыдан дамыған мемлекет атануды көздейді.

Осылайша, биылғы Жолдауда цифрлық трансформация мен жасанды интеллектіні енгізу біздің ел үшін жаңа ұлттық идея ретінде айқындалды, - деді Қарин.

Бұған дейін Президент Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру туралы ұсыныс жасады.

Өзгелердің жаңалығы