Жаңа Конституцияға сәйкес Президенттің 100-ден астам актісі жаңартылды – Қарин

Жарлықта Ата заңның ережелеріне сәйкестендіру үшін Президент бекітетін 100 астам нормативті актілерге өзгерістер енгізу көзделген.

 ©BAQ.KZ архиві Бүгiн 2026, 14:17
Бүгiн 2026, 14:17
257
Фото: ©BAQ.KZ архиві
Бүгін жаңа Конституция күшіне енді. Жалпыхалықтық референдум нәтижесінде қабылданған тарихи құжат мемлекеттік басқару жүйесін, қоғамның даму бағытын түбегейлі өзгертпек. Мемлекет басшысы Жаңа Конституция күшіне енгеннен кейінгі алғашқы Жарлыққа қол қоюына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин пікір білдірді,  деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл – Президенттің Жаңа Конституция заңды күшіне енген соң қол қойған алғашқы Жарлығы екенін айта кеткен жөн. Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Осы ерекше күн еліміздің бүкіл саяси жүйесін, сондай-ақ мемлекеттің және азаматтық қоғамның негізгі институттарын түбегейлі жаңғырту кезеңі басталғанын аңғартады, – деп жазды Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин.

Жарлықта Ата заңның ережелеріне сәйкестендіру үшін Президент бекітетін 100 астам нормативті актілерге өзгерістер енгізу көзделген.

Осылайша, Мемлекет басшысы 2026 – Конституциялық реформасын қарқынды іске асыруды жалғастырмақ. Жарлықтың мазмұнына келсек, бірқатар өзгерістер терминологиялық сипатта болып отыр: «Құрылтай», жалпыхалықтық референдум», «теңге» және басқа да ұғымдар өзге актілерде көрініс тапты.  Бұдан бөлек, мемлекетті дамытудың конституциялық қисынын айқындайтын түбегейлі өзгерістер өте маңызды, – деді ол.

Бұған қоса Ерлан Қарин «Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттарын, құндылықтары мен бағыттарын бекіту туралы» 2025 жылғы 5 қарашада қабылданған Жарлыққа енгізілген түзетулерді айрықша атап өткен жөн екенін айтты.

Жаңартылған редакцияда Жаңа Конституцияның заңды күшіне енуі тарихи меже деп көрсетілген. Сондай-ақ, бұл оқиға заманауи, барынша серпінді мемлекеттік-саяси үлгіге көшіп, жаңа қоғамдық этика қалыптастыруға берік негіз болатыны айқындалған. Осыған байланысты, еліміздің жүйелі жаңғырту кезеңінде ішкі саясат саласына баса мән беріледі. Оның басты міндеті — конституциялық құндылықтар мен қағидаттарды, ілгерілету, қорғау және жүзеге асыру болмақ. Мұның бәрі мемлекеттік институттардың алдағы уақытта атқаратын жұмыстарына, қоғамдық диалогты дамытуға және жасампаз әрі жауапты мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға арқау болады, – делінген жазбада.

Наверх