Ерлан Қарин: Президент жолдауында жаңа саяси реформалар пакеті жарияланды

1 Қыркүйек 2020, 21:24
1364
Бөлісу:
Ерлан Қарин: Президент жолдауында жаңа саяси реформалар пакеті жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Президент жаңа реформалардың жоспарын ұсынды. Жоспар 11 ауқымды блоктан тұрады-экономика, мемлекеттік басқару, әлеуметтік саясат, аймақты дамыту, білім беру, денсаулық сақтау, цифрландыру, экология және құқық қорғау жүйесі, саяси реформалар мен жаңа қоғамдық құндылықтар. Бұл туралы Прездент көмекшісі Ерлан Қарин жазды. 

Көп сарапшлылар Президенттің жаңа әлеуметтік-экономикалық бастамаларына басымдық беріп талқылап жатса да, Жолдауда бірнеше блок саяси-қоғамдық мәселелерге арналды, - деді Қарин.

Атап айтар болсақ, мына саяси-қоғамдық маңызы бар бастамаларды айтуға болады:

- 2021 жылдан бастап ауыл әкімдерін сайлау;

- реформалар мен ұсыныстары үшін онлайн петициялардың бірыңғай институтын құру;

- жергілікті өзін-өзі басқару тұжырымдамасын әзірлеу және басқару;

- жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мәртебесін көтеру;

- жергілікті өзін-өзі басқарудың қаржылық мүмкіндігін нығайту;

- мәслихаттардың ревизиялық комиссиясын күшейту;

- мәслихаттарға қол жинау мен өңірді дамыту бойынша петиция әзірлеуге құзырет беру;

- мәслихат отырыстарының міндетті онлайн көрсетілімін енгізу;

- "Қоғамдық бақылау" туралы заңды әзірлеу және қабылдау;

- квазимемлекеттік секторда қоғамдық кеңестерді құру;

- жеке мүліктерді біріктіру институтын енгізу бойынша реформа;

Құқық қорғау жүйесін реформалау  бойынша да салмақты бастамалар ұсынылды:

- ЭЫДҰ дамыған елдері бойынша қылмыстық саланы жаңғырту, өкілеттіктерді нақты бөлетін үш бөлімді модельді енгізу (полиция-прокурор-сот);

- жергілікті полиция қызметін реформалау, учаскелік полиция мәртебесін көтеру;

- полицияның қызметтік ғимараттарында, пенитенциарлық мекемелерде жаппай бейнебақылауды енгізу;

Сондай-ақ, бүгін адам құқығы блогына ерекше назар аударылды:

- бала құқығына қатысты конвенцияның факультативтік хаттамасына қосылу, хаттар процедурасына қатысты;

- Азаматтарды кибербуллингтен қорғау бойынша заңнамалық шаралар қабылдау;

-Халықаралық конвенцияның қосымшасына сәйкес жәбір көрсетудің барлық түрімен күрес бойынша заңнаманы жетілдіру;

-Адам саудасына қарсы күрес бойынша заңнаманы жетілдіру;

Осылайша, Президент саяси реформалардың екінші тобын ұсынды. Мазмұны жағынан айтарлықтай ауқымды. Президент саяси саланы жаңғырту жалғасатынын және мемлекеттік биліктің барлық институты реформалайтынын айтты - дейді Ерлан Қарин.
Өзгелердің жаңалығы