Ерлан Нысанбаев Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметінен босатылды

20 Мамыр 2021, 20:39
1483
Бөлісу:
Ерлан Нысанбаев Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметінен босатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Үкіметінің Қаулысымен Ерлан Нұралыұлы Нысанбаев ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Ерлан Нысанбаев 1961 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ Еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылығы институтын, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірген. 

Еңбек жолын 1983 жылы бастаған. Түрлі жылдары коммерциялық сектор мен мемлекеттік құрылымдарда жұмыс істеді. 

2014-2019 жж. – ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі. 

2019 жылғы шілдеден бастап қазірге дейін ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметін атқарды.



Өзгелердің жаңалығы