Ерлан Бекхожин қызметінен кетті

11 Ақпан 2022, 16:52
1649
Бөлісу:
Ерлан Бекхожин қызметінен кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ерлан Бекхожин «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы қызметінен кетті.

Агенттіктің сайтында хабарланғандай, оның еңбек шартының мерзімі аяқталған.

Басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып Ринат Кертаев тағайындалды. Бұған дейін ол Бекхожиннің бірінші орынбасары болып жұмыс істеген.

Бұған дейін Ерлан Қалижанұлы «ҚР Президентінің телерадиокешені» коммерциялық емес акционерлік қоғамының бас директоры қызметін атқарып келген. Ерлан Бекхожин – журналист, заңгер, отандық БАҚ саласының ірі топ-менеджері. ҚазМУ-ді (1985 жыл), Орталық Азия университетін (2000 жыл) бітірген. Университетті бітіргеннен кейін Қазақ радиосының «Панорама дня» жаңалықтар бағдарламасында жүргізуші (1985-1992 жылдары), Қазақ теледидары жаңалықтар бағдарламасының комментаторы, бас редактордың орынбасары (1992-1994 жылдары), «Хабар» Агенттігі жаңалықтар бағдарламасының жүргізушісі (1994-1996 жылдары), «Хабар» Агенттігі «Жеті күн» ақпараттық бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі (1996-1997 жылдары), ОРТ-дағы «Мир», «Вместе» МТРК бағдарламасының жүргізушісі (1997-1998 жылдары), «Мир» МТРК-нің ҚР бөлімшесінің директоры (1998-2003 жылдары), «Литер-Мedia» ЖШС бас директоры, «Литер» және «Айқын» газеттерінің редакциялық кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарған.   

Өзгелердің жаңалығы