Еркін Нұразхан. Карикатура тарланы

Еркін Нұразхан. Карикатура тарланы

Алматы қаласының Орталық мемлекеттік мұражайында ҚР мәдениет қайраткері белгілі суретші-карикатурист Еркін Нұразханның 70 жасқа толу мерейтойына және шығармашылық жұмысының 40 жылдығына арналған "Карикатура тарланы" атты мерейтойлық көрме ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Еркін Нұразхан – қазақ бейнелеу өнерінде карикатура, шарж (достық әзілді портрет) жанрының қалыптасуы мен дамуына өзіндік колтаңбасын қосқан белгілі суретші. Биыл өнер иесі 70 жасқа толды. 

Еркін Нұразхан. Карикатура тарланы

Ол 1953 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Жаңғызтал (бүгінгі Жетіарал) ауылында дүниеге келген. Оқушы кезінде «Батырлар жыры» кітабындағы иллюстрациялық суреттерді көшіріп алудың шебері болған Еркін Ибрагимұлы өсе келе жазушы болсам деп армандайды. Жанына қылқалам да, сия қалам да жақын болған. 

1978 жылы Н. В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін, 1986 жылы Т. Жүргенов атындағы Алматы мемлекеттік театр-көркемсурет институтын (қазір Өнер академиясы) бітірген. 

Еркін Нұразхан. Карикатура тарланы
Бауыржан Момышұлының бейнесі

«Балдырған» журналында, «Түркістан» халықаралық саяси апталығында көркемдеуші редактор, суретші, журналист, «Өнер» баспасында бас редактор болып жұмыс істеді. 2000-2006 жылдары Қазақстанның Халық Қаһарманы, жазушы Қасым Қайсеновтың жеке хатшысы қызметін қосымша атқарды.

Еркін Нұразхан. Карикатура тарланы

2008-2015 жылдар аралығында ҚР Мемлекеттік Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейінде директордың орынбасары, 2015-2018 жылдары Әбілхан Қастеев мұражай-үйінің жетекшісі болды.

Еркін Нұразхан. Карикатура тарланы
Әзілхан Нұршайықовтың бейнесі

1982 жылдан бері әдебиет, өнер, коғам қайраткерлерінің әзіл портреттер галереясын жасап келеді. Ол еліміз тәуелсіздік алған жылдар ішінде әлеуметтік-экономикалық, саяси өміріміздегі келеңсіз кұбылыстарды сынға алған сатиралық суреттер топтамасын дүниеге әкелді. Сондай-ақ, оқырмандарға өзекті мәселелерді көтерген мақалалары және деректі дүниелерімен танылған қаламгер.

Еркін Нұразхан. Карикатура тарланы

2003 жылы «Ұлт пен Рух» атты мақалалар жинағы (Алматы, «Өнер» баспасы), 2005 жылы «Кімге күлеміз?» сатиралық суреттер альбомы (Алматы, «Елнұр» баспасы), «Ерліктің ерен тұлғасы» («Шығыс-Ақпарат» баспасы, 2013), «Өз елім менің – өзегім менің» («Қазығұрт» баспасы, 2013 ж.) кітаптары жарық көрді. Өскемен, Семей, Алматы, Астана қалаларында жеке көрмелері өтті. Сондай-ақ, Еркін Нұразхан республикалық көрмелерге белсене қатысады.

Еркін Нұразхан. Карикатура тарланы
Тұманбай Молдағалиев пен Дулат Исабеков

Суретші туындылары ҚР Тұңғыш Президенті музейінде, Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінде, ҚР Ұлттық музейінде, Өскемен, Семей қалаларындағы бейнелеу өнері, Тарбағатай аудандық тарихи-өлкетану мұражайларында сақтаулы.

Еркін Нұразхан. Карикатура тарланы
Еркін Нұразханның өнер қайраткерлеріне салған шарждары

Еркін Нұразхан Қазақстан Суретшілер, Журналистер, Жазушылар одақтарынын мүшесі. «Мәдениет қайраткері» төсбелгісімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, қогамдық «Қасым Қайсенов» орденімен марапатталған. Қазақстан Республикасы Көркемсурет академиясының корреспондент мүшесі.

Еркін Нұразхан. Карикатура тарланы
Мұхтар Шахановтың бейнесі

Жас суретшінің талантын «Балдырған» журналының бас редакторы Мұзафар Әлімбаев алғаш таныды. Одан кейін бірнеше республикалық газет-журналдың редакторы болған Шерхан Мұртаза бағыт-бағдар берді. Осы ерекше өнерді таңдауға халық қаһарманы Қасым Қайсенов та ықпал етті. Алғашқыда шаржды қара қаламмен салған карикатурашы кейіннен гуашь, акварельді қолданған. Түрлі-түсті қаламмен салған портреттері көзге оттай басылады. 

Еркін Нұразхан. Карикатура тарланы
Мақпал Жүнісова мен Роза Рымбаева

Еркін Нұразхан ақын-жазушылардың ғана емес танымал өнер қайраткерлерінің, саясаткерлердің келбетін қағазға түсірді. Оған қоса жемқорлық, девальвация, қымбатшылық, жершілдік пен рушылдық секілді қоғамдағы түйткілді мәселелерді шарджбен тамаша көрсеткен. 

Еркін Нұразхан. Карикатура тарланы
"Динозавр" атты шарж

Музейден Еркін Нұразханның ақын Қалижан Бекхожин, Әбділда Тәжібаев, Жұбан Молдағалиев, Әбу Сәрсенбаев, Қадыр Мырза-Әли, Тұманбай Молдағалиев, Мұзафар Әлімбай, Жарасқан Әбдірашев, Шөмішбай Сариев, Дихан Әбілов, Исраил Сапарбай, Есенғали Раушанов, Мұхтар Шаханов секілді ақындарды бейнелеген шаржын көріге болады.

Еркін Нұразхан. Карикатура тарланы

Карикатурашы Бауыржан Момышұлы, Қасым Қайсенов, Бердікбек Сапарбаев, Сейдахмет Бердіқұлов, Әзілхан Нұршайықов, Қабдеш Жұмаділов, Дулат Исабеков, Нұрлан Оразалин, Асқар Сүлейменов, Әнуар Әлімжанов, Шерхан Мұртаза, Әбіш Кекілбаев, Оралхан Бөкей, Герольд Бельгер секілді жазушылардың бейнесін тамаша сомдаған.

Еркін Нұразхан. Карикатура тарланы

Музей қабырғасына театр сыншысы Әшірбек Сығай, сықақшы Көпен Әмірбек, режиссер Әзірбайжан Мәмбетов, актер Сәбит Оразбаев, Асанәлі Әшімов, Тұңғышбай Жаманқұлов, Фархат Әбдірайымов, балетмейстер Болат Аюханов, скрипкашы Марат Бисенғалиев, композитор Кеңес Дүйсекеев пен Алтынбек Қоразбаев, әнші Мақпал Жүнісова мен Роза Рымбаева, Мейрамбек Беспаев, саясаттанушы Досым Сәтпаев, саясаткер Сергей Терещенко, Алтынбек Сәрсенбаев, Ғани Қасымов, Болат Жәмішев, құқық қорғаушы Евгений Жовтис, экономист Ораз Жандосов, режиссер Болат Атабаев, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров, қоғам қайраткерлері Төрегелді Шарманов, Мұрат Әуезовтың шарждары ілінген.

Еркін Нұразхан. Карикатура тарланы

Суретшінің қаламына арқау болған тақырыптар әр алуан. Қағаз бетіне түскен кейіпкерлердің мінез-құлқы да сан түрлі. Ал сурет салудағы техникасы тым қарапайым. Бір-екі сызықпен бір адамның бейнесін аша білген. 

Еркін Нұразхан. Карикатура тарланы
Қасым Қайсенов

Көркемсурет шығармасының авторы көзімен көрген бейнені ғана салса, бүгінгі шарамыздың кейіпкері жастарды достыққа тәрбиелеуге еңбек сіңіріп жатыр. Көрерменін бей-жай қалдырмай қоғамымыз бен заманымыздың кілтипанын табуға үндеп, сол процестерге қатысуға, ой түюге, әркім өз тұғырын анықтап алуға шақырады. Содан да суретшінің азаматтық позициясы анықтала түседі. Ол әділдік пен адалдық, шындық пен ақиқат жағында болса, қара халықтың мұң-мұқтажын айтып, өмірдегі өзгерістерге солардың тұрғысынан қарап бағасын бере алса - нағыз халықшыл суретші, өз елінің патриоты деген сөз, - деді музей директоры Рашида Харипова.

Еркін Нұразхан. Карикатура тарланы
Әнші Мейрамбек Беспаев

«Карикатура тарланы» көрмесі көрерменін шыншыл да айқын сырларға толы дүниетанымымен табыстырады. Тәуелсіздік алған еліміздің дамуына кедергі келтірер кертартпа күштерді келекелеп көз алдымызға әкеледі. Карикатура – ащы айтылған сын. Еркін Нұразхан ащы шындықты астарлап, туындыларында образдар арқылы ой тудырып, адам болмысының мың қатпарын көрсете білген. 

Еркін Нұразхан. Карикатура тарланы

Шарж дегеніміз адамның сыртқы ұқсастығын жоғалтпай, ішкі портретін көрсететін жанр. Күлкінің ар жағында мазақ емес – мазасыздану, жазғыру емес – жан ашу жатқанын жұрт түсінсе деймін. Құлағанды тұрғызу, қирағанды бүтіндеу, жылағанды жұбату, керенауды ояту, мұңайғанды езу тартқызу – сатиралық суреттердің абзал борышы болып қала бермек", - дейді суретшінің өзі.

"Карикатура тарланы" көрмесіне музей қорына Еркін Нұразханның сыйға тартқан 500 еңбегінің 200-ден астамы қойылды. Көрме 31 қаңтарға дейін жалғасады.
Бөлісу: