Еркін күрес. Қазақстан еншісінде екі қола медаль

28 Маусым 2021, 10:44
1508
Бөлісу:
Еркін күрес. Қазақстан еншісінде екі қола медаль

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дағыстанның Каспийск қаласында еркін күрестен Али Алиевті еске алуға арналған халықаралық турнир аяқталды. Қазақстан еншісінде екі қола медаль бар деп хабарлайды Olympic.kz.

Екі жүлдені де аса ауыр салмақтағы балуандар иеленді. 

Олег Болтин дағыстандық Магомед Магомедовті ұтса, Юсуп Батырмұрзаев Кабардино-Балкария өкілі Тамерлан Кумышовтен басым түсті. 

Айта кетелік, бір күн бұрын 74 келідегі Данияр Қайсанов турнирде бестікке енген болатын. 

Өзгелердің жаңалығы