Еркін күрес: Әлішер Ерғали алтын, Ризабек Айтмұхан қола медаль алды

7 Маусым 2024, 07:48
562
Бөлісу:
Еркін күрес: Әлішер Ерғали алтын, Ризабек Айтмұхан қола медаль алды
Фото: olympic.kz

Венгрияның Будапешт қаласында еркін күрестен рейтингілік турнирдің бірінші жарыс күні аяқталып, қазақстандық балуандар жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

97 келі салмақта Әлішер Ерғали жеңімпаз атанды. Ол әзербайжандық Магомеджан Магомедовпен белдесуі керек болған. Алайда, қарсыласы кілемге шыққан жоқ. Осылайша, Әлішер жеңімпаз атанды.

Осы салмақта қолаға күрескен Ризабек Айтмұхан словкиялық Батырбек Цакуловтан басым түсіп, жаңа салмақтағы кезекті жүлдесін алды.

Айта кетелік, Ризабек жартылай финалда Магомеджан Магомедовттен 7:15 есебімен ұтылған.

Өзгелердің жаңалығы