Еріктілердің көмегімен 3 отбасы баспаналы болды

21 Ақпан 2022, 12:54
1177
Бөлісу:
Еріктілердің көмегімен 3 отбасы баспаналы болды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысы Қаратал ауданында 3 отбасы еріктілердің көмегімен баспаналы болды. Бұл туралы «Jetisý Media» ақпараттық алаңы хабарлады.

Бірнеше жылдан бері жалдалмалы пәтерде тұрып, баспаналы болуды армандаған көпбалалы отбасы күні кеше жаңа қоныс иеcі атанды. Оларға Үштөбе қаласының еріктісі, қоғам қайраткері Ирина Смагулова және «Асаруме» қайырымдылық қоры көмектескен. Қор жалпы жинақ жариялап, әр отбасыға жаңа үй сыйлауға мүмкіндік беруде.

Бұл жанұяларға алғаш боп назар аударған Ирина Смагулова алдағы уақытта «Асаруме» қорының еріктісі атанып, көмекке мұқтаж отбасыларға жан-жақты қолдау көрсетуді мақсат етіп отыр.

Жаңа үйге көшкенімізге әлі де сене алар емеспіз. Осы үйді алуға ат салысқан еріктілерге, қайырымдылық қорға жалпы барша жанға алғысымызды білдіреміз. Жылы әрі жаңа үйдің тынысы да бөлек екен. Балаларым да өте бақытты болып жүр. Алдағы уақытта осы үйдің ұсақ-түйек жұмыстарын жөндеуді қолға аламын, - деді жалғысбасты әке Югай Вячеслав.

Айта кету керек, еріктілермен бірге жергілікті әкімдік өкілдері баспаналы болған отбасыларды аралап, жаңа қонысымен құттықтады.
 

Өзгелердің жаңалығы