Еріктілер пробация есебіндегі азаматқа қайырымдылық жасады

16 Қараша 2020, 21:19
985
Бөлісу:
Еріктілер пробация есебіндегі азаматқа  қайырымдылық жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қоғамда жаза басып жаңылысқандар аз емес. Сондай азаматтың бірі Шиелі аудандық пробация есебінде тұрады. Денсаулық жағдайына байланысты жұмысқа жарамсыз санатында. Аға-жеңгесімен бірге тұрады. 

Бүгін осы азаматтың үйіне «Қайырымды жандар» еріктілер тобы ат басын бұрып, азық -түлік табыстады. Есептегі азамат қайырымды жастардың көмегіне ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.

Бұндай қайырымдылық көмек жергілікті атқарушы органдармен, қоғамдық бірлестіктермен және өзге де ұйымдармен бірлесіп жиі өткізіліп тұрады. Бұған дейін де пробация есебінде тұратын көпбалалы отбасылар мен тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға азық- түлік таратылды. Бүгін міне ерікті жастардың көмегімен есептегі азаматқа азық- түлік берілді. Алдағы уақытта да қайырымдылық шаралары жалғасын табатын болады, - деді аудандық пробация қызметінің бастығы әділет майоры Қ.Байкенжеев.



Өзгелердің жаңалығы