Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында "Nur Otan" партиясының Төрағасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы - Нұрсұлтан Назарбаевтың COVID-19 пандемиясы кезінде мұқтаж жандарға әлеуметтік көмек көрсетуге белсенді қатысқан еріктілерге алғыс хаттарын салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті.
Марапаттарды "Nur Otan" партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Даниал Ахметов табыс етті.
Аймақ волонтерлері "Nur Otan" партиясының Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастаған "Біз біргеміз " акциясына белсенді қатысты. Елімізде төтенше жағдай жарияланған кезде демалыссыз жұмыс істеп көмекке мұхтаж жандарға қол ұшын бердіңіздер. Сіздер-нағыз патриотсыздар, еліміздің болашағы сіздерсіздер, біздің өңірде белсенді жастардың көп болғанына қуаныштымын, - деді Д.Ахметов.
"Біз Біргеміз" акциясы аясында "Jas Otan" жастар қанатының 520-дан астам еріктісі 25 мың әлеуметтік-осал санаттағы азаматтарға: жалғыз тұратын зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі адамдарға, аз қамтылған және көп балалы отбасыларға қайырымдылық көмек (азық-түлік себеттері) жеткізуді ұйымдастырды.
Сондай-ақ, 123 Ұлы Отан соғысының ардагері мен 16 189 тыл еңбеккері азық-түлік жиынтығын алды.
"Біз біргеміз" акциясы аясында Елбасының бастамасымен құрылған "Birgemiz" республикалық қоғамдық қорынан Шығыс Қазақстан облысында 44 мыңнан астам мұқтаж отбасы 50 мың теңге көлемінде бір реттік көмек алды.
"Nur Otan" партиясының белсенділері, еріктілер мен кәсіпкерлер мұқтаж жандарға азық-түлік және қаржылай барынша көмек көрсеті. Көмекке мұхтаж жағдайға тап болған отбасыларды дер кезінде анықтау және қажетті көмек көрсету бойынша шаралар жүзеге асыруда тұрақты негізде жұмыс жүргізілуде.