Ерғалиев Президенттің 68 тапсырмасын қалай жүзеге асыратынын айтты

2 Ақпан 2021, 09:12
47056
Бөлісу:
Ерғалиев Президенттің 68 тапсырмасын қалай жүзеге асыратынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев айтты. 

Үкіметтің кеңетйліген отырысында барлығы 68 тапсырма берілді. Ол бойынша 3 заңнамалық акт қабылданады. Бұл «дербес деректер мен оларды қорғау туралы», «бәсекелестік мәселелері туралы» мен Жер кодексіне енгізілетін өзгерістер. Сонымен қатар 3 ұлттық жобаны бекіту жүзеге асырылуда, - деді ол. 

Министр 5 кешенді жоспар әзірленетінін айтты. Оның ішінде  шекаралардағы заңсыз сауда айналымына қарсы іс-қимыл, 2025 жылға дейінгі Екібастұз қаласын дамыту бар. 

Сондай-ақ, азаматтарға вакцинация жүргізу мен мектепке дейінгі білім беруді дамыту бойынша шаралар. ҰЭМ Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау бойынша нақты ұсыныстарды әзірледі, - деді ол. 

1. Жылдың соңына дейін салық бюджетін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізіледі. 
2. Шағын және орта бизнесті қолдау жөнінде шаралар әзірлеу үшін «Атамекен» ҰҚП мен сарапшылар қауымдастығынан тұратын жұмыс тобы құрылады. 
3. Мемлекеттік қолдау алған бизнес субъектілері бойынша мониторингтің біріңғай жүйесі қалыптастырылады. 
4. Қызылорда облысы экономикасын әртараптандыру бойынша шаралар қабылданады. 
5. Екібастұз қаласының кешендік дамуы бойынша жоспар әзірпленеді. 
6. Мемлекеттік аппараттың қосалқы қызметін орталықтандыру мен оңтайландыру жүргізіледі. 
7. Ай соңына дейін мемлекеттік және жеке меншік операторларды құруға тыйым салу бойынша жоба әзірленеді.

Өзгелердің жаңалығы