Алматы, BAQ.KZ. Ресей әскери әуе күштерінің екі АН-124 ұшағы Ереванға бронды машиналар мен 15-ші бітімгер топтың жеке құрамын жеткізді. Бұл туралы ТАСС хабарлады.
Агенттік таратқан мәліметке сүйенсек, Ан-124 ұшағы мен 30-ға жуық әскери, он БТР-82А брондалған техника және материалды-техникалық құралдар жеткізілген.
Бұған дейін Ресей Қарулы күштер министрлігінің өкілі Игорь Конашенков Қарабақта оқ атпау режимі сақталып отырғанын айтқан. Онда ресейлік әскери полиция жауапты аймақты бақылауға кіріскен.