Ерекше баласы бар аналар жеке кәсібін ашпақ

27 Қаңтар 2023, 21:58
997
Бөлісу:
Ерекше баласы бар аналар жеке кәсібін ашпақ
PHOTO

Алматы қаласында тұратын 22 ана менторлар мен коучтардың көмегі арқылы жеке кәсібін бастауға және жұмысқа тұруға мүмкіндік алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы қаласының іскер әйелдер қауымдастығы «MamaPro» қоғамдық қорымен және «ICF-Kazakhstan» қоғамдық бірлестігімен бірге ерекше баласы бар аналарға арналған «Әйелдер әйелдерге» әлеуметтік жобасын бастады.

Жоба екі бағдарламадан тұрады. Бастаманы қолға алушылар үш ананы жұмысқа тұрғызуды өз мойнына алады және қалған он тоғызы оқудан кейін өз бизнесін бастауға дайын болады деген үміттеміз. Қоғамда инклюзия сияқты өзекті, шешілуі тиіс мәселе көп. Егер ерекше балалардың аналары кәсіп ашып, аяғына нық тұрса, онда біз ерекше балалар өсіп жатқан отбасындағы әлеуметтік салмақты жеңілдетеміз, «Әйелдер әйелдерге» жобасының мақсаты да осы, – деп атап өтті Алматы қаласы Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Наталья Мұхамеджанова.

Жоба бірнеше кезеңнен тұрады: 2022 желтоқсанында қатысушылар іріктелді. 2023 жылдың қаңтар мен сәуір аралығында әйелдерге менторлық жетекшілік пен коучингті кәсіп иелерінің өздері жүргізеді. Жобаға қатысушылар кәсіпкерлікті үйренеді және оларға психологиялық қолдау көрсетілетінін атап өткенген жөн. Сонымен қатар ерекше баласы бар аналарға заң тұрғысынан кеңес беріледі.

«Әйелдер әйелдерге» әлеуметтік жобасының демеушісі Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) өз ғимаратын ұсынды, онда жобаның шаралары өтеді. Кәсіпкерліктің негізі мен психологиялық көмекті «MamaPro» қоғамдық қоры көрсетеді. Алматы қ. Іскер әйелдер қауымдастығының мойнында кәсіп иелерінен менторинг, шеберлік сабақтар және заң жағынан кеңес пен үш кандидатты жұмыспен қамту. «ICF-Kazakhstan» қоғамдық бірлестігі ерекше баласы бар аналарға коучинг-сессиялар өткізеді.

Өзгелердің жаңалығы