Ерекше балалардың өмір сүру сапасын жақсартуға үлес қосамын - Тұранова

20 Тамыз 2020, 15:03
1443
Бөлісу:
Ерекше балалардың өмір сүру сапасын жақсартуға үлес қосамын - Тұранова

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Жас қанаттар» қоғам ұйымы жастар қанатының жетекшісі Раушан Тұранова айтып берді. 

Көкшетау қаласында екі жоғары білімді тәмамдадым. Мен үш баланың анасымын. Кішкентай баламның қажеттілігі жоғары. Ақмола облысының мектептерінде мұғалім болып жұмыс істеп жүрген кезде қажеттілігі жоғары жандарды жиі кездестіретінмін. Оларға әркез қолдау көрсетуге тырысатынмын. 2016 жылы үшінші балам Алан дүниеге келген кезде қандай проблемалар бар екеніне көзім жетті, - дейді Тұранова.

Ол жауапкершілікті мойнына алып, арнайы бағдарлама әзірлеген. 

Еріктілік және қайырымдылықпен айналыса бастадым. Мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаржыны балалар мен ересек мүмкіндігі шектеулі жандарға қажетті аппараттарды алуға бөлу керек. Жергілікті жерлерде оңалту орталықтарын ашу керек. Себебі ерте оңалту баланың болашағына айтарлықтай әсер етеді. Сондай-ақ, кедергісіз орта құру да аса маңызды, - дейді ол. 

Тұранова айтып өткендей, осы бағыттағы жұмыстар дұрыс әдісті қажет етеді. 

Праймеризге қатысу арқылы ерекше балалардың өмірінің сапасын жақсартуға үлес қосқым келеді. Білім алу осындай балалардың өміріндегі маңызды кезең. Қазақстанда инклюзивті білім беруге бейімделген мектептер санын көбейту керек, - деді Раушан. 

Ол белсенділік ұстанымы мен сарапшылық қабілетін арттыру үшін әйелдердің саяси көшбасшылары мектебінде білімін толықтырған. 

Праймериз – мен үшін өзекті мәселелерге жауап табудың тиімді мүмкіндігі. Өз бағдарламам арқылы қаланың қоғамдық өміріне, ерекше балалардың өмір сүруін жақсартуға үлес қосқым келеді. Сау бала – мемлекет дамуының кепілі, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы